Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 29 мамырдағы хаттамасының негізінде Білім және ғылым министрлігі Нұр-Сұлтан әкімдігімен бірлесіп 18-23 маусым аралығында мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау үшін емтихан тапсыруға рұқсат етіледі.
Осыған байланысты Қазақ ұлттық хореография академиясында 1-3 сыныптарға түсу емтихандары 2020 жылдың 18-23 маусымы аралығында өтеді.
1-3 сыныптарға қабылдау үшін балаларды фото бойынша қашықтықтан алдын ала қарау 2020 жылдың 13 маусымына дейін өткізіледі.
Алдын ала қарау шарасынан өткен және түсу емтихандарына жолдама алған балалар 2020 жылдың 5-17 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, Ұлы Дала даңғылы, 9 мекен-жайы бойынша орналасқан қабылдау комиссиясына (кіреберіс Түркістан көшесінен, Тұрғын үй ғимараты,1 қабат) келесі құжаттарды ұсынады:
Немесе көрсетілген құжаттарды сканерленген түрде admissions@balletacademy.kz. электрондық поштасына жіберуге болады.
Қабылдау емтихандары Қазақ ұлттық хореография академиясының базасында: Ұлы Дала даңғылы, 9 мекен-жайы бойынша өтеді (кіреберіс Ботаникалық бақ жағынан), қабылдау емтихандарын өткізу мерзімдерін мына сілтеме бойынша білуге болады: https://balletacademy.edu.kz/ru/examinations-1-2-3-classes/.
Байланыс телефон: 8 (7172) 79-85-42.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
* Қабылдау емтихандарды өткізу мерзімі мен графигіне;
* қабылдау емтихандарға қатысатын балаларға арналған киім формасына міндетті түрде назар аударыңыз.