22 қарашада академия кітапханасына баспагер, ағартушы, меценат, фон Мекк атындағы қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Денис фон Мекк келді.
Денис Андреевич кітапханаға құнды басылымдарды – Е. Ерофеева-Литвинская жазған «Непридуманная фабула», Е. Берлянд-Черная авторлығындағы «Конволютъ фонъ Меккъ №1: Пушкин и Чайковский», И. Бэлза қаламынан шыққан «Пушкинские традиции русской музыки», Г. Сизконың «Петр Ильич Чайковский» кітаптарын, сондай-ақ Альманахъ. № 1(1)/2019 сыйға тартты:
Атақты адамдардың өмірі мен шығармашылығының беймәлім тұстарын осы кітаптардың беттерінен оқи аласыздар.
Денис Андреевичке кітапханаға сыйға тартылған кітаптар үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!
Денис Андреевич фон Мекк – фон Мекк отбасыларының ұрпағы, Чайковский, Давыдовтар, фон Мекк қорының негізін қалаушы, П.И. Чайковскийдің жанкүйерлер бірлестіктерінің негізін қалаушы, П.И. Чайковский атындағы оқу орындарының қауымдастығын құрудың бастамашысы.