Сайт бойынша іздеу
«ӘDILET» партиясының Есіл аудандық филиалының I конференциясы

Кеше EXPO Alem.ai алаңында аудандық деңгейде партиялық жұмысты одан әрі дамытуды талқылау үшін қоғамдық өмірдің түрлі салаларының өкілдерін біріктірген «ӘDILET» партиясының Есіл аудандық филиалының I конференциясы өтті.

Конференцияға «ӘDILET» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Мағжан Қыстаубаев қатысты.

Конференция барысында филиалдың Саяси кеңесі мен Саяси бюросының жаңа құрамын қалыптастыру мәселелері қаралды, партия қызметінің басымдықтары, адами капиталды дамыту, білім мен ғылымды қолдау, сондай-ақ азаматтық белсенділікті арттыру талқыланды.

Сондай-ақ, конференция қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық хореография академиясының өнер факультеті деканының орынбасары Евгений Сергеевич Моисеев «ӘDILET» партиясының Есіл аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамына кірді.

Академия ұжымы Евгений Сергеевичті көрсетілген сенім үшін шын жүректен құттықтайды және алға қойған бастамаларын табысты жүзеге асырып, қоғам мен ел игілігі жолында жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдіреді.