Сайт бойынша іздеу
Дина Нұрпейісова: күй тұлғасы, тағдыры мен философиясы

2026 жылғы 29 қаңтарда Академияның конференц-залында «Дина Нұрпейісова: күй тұлғасы, тағдыры мен философиясы» тақырыбында дәріс-сабақ өтті. Дәрісті PhD, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Тоқтаған Айтолқын жүргізіп, мазмұнды әрі танымдық дәріс оқыды.

Дәріс барысында тыңдаушылар домбыра өнері тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі — Дина Нұрпейісованың шығармашылық әлеміне терең бойлады.

Кездесу кезінде Динаның орындаушылық мектебі, музыкалық тілінің ерекшеліктері, тұлғалық феномені және қазақ күй өнеріндегі тарихи орны жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар, автор кітапхана қорына «Дина Нұрпейісованың күйлерінің рухани әлемі» атты монографиясын сыйға тартты.

Аталған іс-шара қатысушыларға күйді тек музыкалық шығарма ретінде ғана емес, терең рухани-мәдени феномен ретінде тануға мүмкіндік берді.