2022 жылдың 26 мамырында «Астана Балет» театрының сахнасында Хореография режиссурасы білім беру бағдарламасының 5 курс студенттерінің дипломдық спектакльдерін қорғауы өтті. Курс шебері – режиссура кафедрасының аға оқытушысы Жәнібек Қайыр.
Осылайша театр сахнасында келесі спектакльдер өтті:
– Дэниел Киздің кітабы бойынша Ян Тирсеннің музыкасына жазылған «Бесінші Салли», Аружан Камбламбектің хореографиясы;
– Композиторлар В. Моцарт, Ж. Бизе, Г. Свиридов, Ф. Шопен, А. Хачатурянның музыкасына «Класс-концерт»: Шұғыла Әдепханның хореографиясы;
Габриэль Сабан, Анн-Софи Верснейен, Филипп Бриан, Джони Фуллер және Кристиан Ренадльдің музыкасына «Көңіл-күй», Анель Рүстемованың хореографиясы.