2026 жылғы 25–26 маусым күндері сағат 11:00-де Өнертану және арт-менеджмент кафедрасының кеңейтілген отырысында 8D02107 – «Өнертану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған келесі диссертациялық жұмыстардың алдын ала талқылауы өтеді: Нұрбосынова Балжан Айбекқызының «Мәдени коммуникация контексіндегі Қазақстанның цифрлық визуалды өнері» және Аспандиярқызы Гаухардың «Қазақ киносындағы кинооператорлық авторлық стилінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбындағы диссертациялық жұмыстары. Кафедраның кеңейтілген отырысы 455-аудиторияда өтеді.