Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері әлемдегі барлық балалар сияқты, өз отбасыларымен бірге және қашықтан білім алуда. Бірақ біздің тәрбиеленушілеріміздің бойындағы эмоцияларды қашықтықтан да ұстап тұру мүмкін емес. Шығармашылық онлайн-байқауға Академияның барлық тілек білдірген 1-9 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 67.
Жеңімпаздарды таңдап алу оңайға соқпады. Әр суреттен балалардың суреттерді зор ыждаһатпен салғанын көруге болады, барлық суреттер өзінше әдемі, жарқын, әсерлі және сан алуан. Қазылар алқасы әрбір суретті ерекше мұқият қарап, 11 үздік деген суретті таңдап алды. Жеңімпаздардың төрт суреті «Юнеско Клубтарының V Шығармашылық Академиясы» байқауына қатысатын болады.
Осы байқауға қатысқаны үшін балаларға алғыс айтамыз!
Ата-аналарға, сынып жетекшілері мен «Алтын ұя» интернатының тәрбиешілеріне өз тәрбиеленушілерінің жұмысын ұйымдастыруға көмектескені ерекше алғыс білдіреміз!
Байқаудың Гран При жүлдесі:
Ким Исайя – 3б сынып. Сынып жетекшісі – Камалова Нургуль Омиржановна.