Сайт бойынша іздеу
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ!

Қазақ ұлттық хореография академиясында оқытушылар мен білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға және шығармашылық байланысын нығайтуға бағытталған «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы 2026 жылғы 30 қазанда өтетінін хабарлаймыз.

Байқау форматы: 1 оқытушы + 1 студент.

Қатысушылар ән, би, сахналық қойылым және басқа да шығармашылық нөмірлер арқылы өз өнерлерін ортаға салады.

Өтінім қабылдау мерзімі: 1-20 қазан.

Баршаңызды шығармашылық бастамаларды қолдауға және «Екі жұлдыз» сахнасында оқытушылар мен студенттердің өнерін тамашалауға шақырамыз!