Құрметті концертмейстерлер!
Сіздерге қуанышты жаңалығымыз бар!
Хореография академиясының кітапханасына «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры музыкалық кітапханасының қорынан балет клавирлерінің электронды нұсқалары келіп түсті. Сирек және құнды клавирлер «E-BOOK» электронды кітапханасын толықтыру мақсатында алынды. Клавирлердің қағаз нұсқалары дайындық сатысында. Бұл клавирлер классикалық мұраның «алтын қорына» кіреді.
Клавирлер тізімі:
Бахчисарайский фонтан / Б.Асафьев Баядерка / Л.Минкус Дон Кихот/ Л.Минкус Коппелия/Л.Делиб Корсар/А.Адан Лебединое озеро/П.Чайковский Ромео и Джульетта/С.Прокофьев Спартак/ А.Хачатурян Спящая красавица/ П.Чайковский Шехерезада/ Н.Римский-Корсаков Жизель/ А.Адан Шопениана/Ф.Шопен Щелкунчик/ П. Чайковский Жұмыстарыңыз жемісті болсын!