Сайт бойынша іздеу
Елена Анатольевна Шерстневаның әлемі: академияда шабыттандыратын шығармашылық кездесу өтті

Академияда «Астана Опера» театрының көрнекті педагог-репетиторы, хореограф-балетмейстері және «ДОСТЫҚ» орденінің кавалері Елена Анатольевна Шерстнёвамен шабыттандыратын шығармашылық кездесу өтті.

Көрермендер залға шыққан әртісті ыстық ықыласпен, ду қол шапалақпен қарсы алды. Елена Анатольевна балет әлемінде қалыптасу жолы туралы әңгімелеп, Ленинград хореография училищесінде оқыған жылдарынан естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, ол Киров атындағы опера және балет театрының (қазіргі Мариин театры) солисті ретінде жұмыс істеген баға жетпес тәжірибесімен бөлісіп, осы кезеңнің оның кәсіби және шығармашылық дамуы үшін қаншалықты маңызды болғанын айтты.

Елена Анатольевна балет әртисінің мансабындағы қиындықтар, табысқа жету үшін қажет өзін-өзі арнау мен ерік-жігер туралы шынайы әңгімеледі. Сондай-ақ, ол сахнада орындаған партиялары туралы баяндады. Кездесу қонақтары үшін ерекше сыйлық – Елена Анатольевнаның сахнадағы шеберлігін паш еткен архивтік бейнежазбалар болды. Сонымен бірге, оның балалық шағы, оқу жылдары және кәсіби қызметін бейнелейтін сирек фотосуреттер көрсетілді.

Кездесу барысында Елена Анатольевна әріптестері мен шәкірттері жүрекжарды сөздерін арнады. Олар оның ерекше дарынын, кәсібилігін және адами қасиеттерін жоғары бағалап, педагогпен бірлесе жұмыс істеген оқиғаларын бөлісті, оның өздерінің дамуына қосқан маңызды үлесін атап өтті.

Бұл кездесу барлық қатысушылар үшін шынайы шабыт көзіне айналып, залды шығармашылық, құрмет және таңданыс атмосферасымен толтырды.