Сайт бойынша іздеу
Елена Шерстневамен кездесу

Қазақ ұлттық хореография академиясында «Астана Опера» театры балет труппасының педагог-репетиторы, «Достық» орденінің иегері Елена Шерстневамен кездесу өтті.

Кәсіби білім беру мектеп-колледжінің басшысы Светлана Кокшинова мен арнайы пәндер оқытушылары Елена Анатольевнаға көпжылдық жемісті еңбегі, сондай-ақ Академия педагогтері мен білім алушыларына баға жетпес тәжірибесін бөліскені үшін алғыс білдірді.

Елена Шерстнева арнайы Академия үшін ерекше бидің жарқын үлгілерін сахналады: А. Бородиннің «Половец билері», П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен дивертисмент, М. Глинканың «Патша үшін өмір» операсынан «Краковяк», А. Хачатурянның «Гаянэ» балетінен сюита, Л. Минкустың «Баядерка» балетінен үнді биі, сондай-ақ Ф. Обердің музыкасына қойылған итальян биі «Тарантелла» атты авторлық қойылым.

Өз кезегінде Елена Анатольевна Академияға естелік картиналар мен кітаптарды сыйға тартты.