Сайт бойынша іздеу
Президенттің жыл сайынғы Жолдауы: даму бағдарлары мен жаңа міндеттер

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнап, онда елдің экономикасын, инфрақұрылымын және мәдени-білім беру әлеуетін нығайтудың негізгі басымдықтарын айқындады.

Президент Үкімет пен Ұлттық құрылтайға бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді, олардың ішіндегі негізгілері: Құрылыс жылы: 2027 жыл Құрылыс жылы болып жарияланды. Бұл инфрақұрылымды жаңартуға, бүкіл ел бойынша заманауи білім беру, ғылым және мәдениет нысандарын салуға қуатты серпін береді. Кадрлық әлеует: жаңа заманның сын-тегеуріндеріне дайын кәсіби, патриоттық және бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу.

Инновациялар мен цифрлық экономика: әрбір азаматтың игілігі үшін озық технологияларды енгізу, жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық кеңістікті қалыптастыру.

Қазақ ұлттық хореография академиясы Жолдауда белгіленген міндеттерді қолдайды және білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ отандық хореография өнерін дамыту бағытындағы жұмысын жалғастырады.

«Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек.

Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет. Соңғы уақытта мектептерде оқушылар ұстаздарына дөрекі сөйлеп, тіпті, күш қолданатын жағдайлар да аз емес.

Мұндай кезде көбінесе мектеп әкімшілігі де мұғалімге қысым көрсетіп жатады. Бұл – дұрыс емес.

Әр мәселе мұқият әрі жан-жақты қаралуға тиіс. Кез келген жағдайға отбасы да, оқушы да, ұстаз да, мектеп те – бәрі де бірдей жауапкершілікпен қарауы керек» - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.