Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында Қазақ ұлттық хореография академиясының проректоры Айгүл Есентемированың қатысуымен өнер факультеті оқытушыларының еңбектерінің таныстырылымы өтті.
Таныстырылымда төрт автордың кітаптары ұсынылды. Өнер факультетінің оқытушылары жарыққа шығарған еңбектердің маңыздылығы олардың тақырыбына байланысты және келесідей көрініс тапты:
– филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айнагуль Мухамеджанова – «Қазақ тілі (өнер бағытының студенттеріне арналған): оқу құралы» – қазақ тіліндегі шығармашылық мамандықтар студенттерінің тілдік дағдыларын дамытуға және жетілдіруге бағытталған.
– PhD, Өнертану және арт- менеджмент кафедрасының доценті Балабек Сақтағанов екі кітап ұсынды:
– «Отбасы психологиясы: оқу құралы» – қазіргі заманғы отбасы мен некені зерттеудің негізгі аспектілерін баяндайды. Отбасы мен неке ұғымдары, олардың түрлері мен функциялары, рөлдік құрылымдары, қарым-қатынас процестері және өмірлік цикл кезеңдері талданады. Сонымен қатар, некеге тұратын жұпты таңдау, некеге тұру себептері, баланың әлеуметтенуіндегі отбасының рөлі қарастырылады.
– «Студенттердің креативтілігін қалыптастырудың әдістемелік жолдары: әдістемелік құрал» – мінез-құлық пен танымдық процестердің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
– PhD, аға оқытушы Альмира Кулмаганбетова – «Кәсіпорындардың инновациялық әлеуетін бағалау (Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес субъектілері материалдарында): монография» – кәсіпорынның инновациялық әлеуеті ұғымының теориялық-әдістемелік аспектілерін қарастырады. Инновациялық әлеуетке әсер ететін факторларды жүйелеу, оны бағалау принциптерін анықтау, кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық әлеуетін құрайтын өзара байланысты сипат қарастырылады.
– экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жанат Бабажанова – «Тәуекел-менеджмент: оқу құралы» – макро және микро деңгейлеріндегі нарықтық жүйеде тәуекелдерді басқарудың негізгі мәселелерін қарастырады.
Таныстырылым барысында көрермендер арасында викторина өткізілді, оның сұрақтары ұсынылған әдебиеттерге тікелей қатысты болды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген Академияның студенттері, оқытушылары және қызметкерлері - ұсынылған кітаптардың бірін сыйлыққа алды.
Лентаны қию рәсімін Академияның профессор-оқытушылар құрамы өткізді және авторларды Академияның ғылыми-әдістемелік базасын байыту сынды маңызды оқиғамен құттықтады.