Сайт бойынша іздеу
«Jastar jalyny – 2021» шығармашыл жастар фестивалі

2021 жылдың 11 қазанында елордалық «NOMAD City Hall» концерт залында «Jastar jalyny – 202» шығармашыл жастар фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.

Биылғы ауқымды фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Фестивальді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қазақстанның жастар фракциясы ұйымдастырды. Байқау 10 номинация бойынша өткізіледі. Оның ішінде:

– эстрада

– музыкалық аспаптар

– ұлттық би

– айтыс

– театр

– поэзия

– сурет салу

– медиа

– замануи би

– жастар қуаты.

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері фестивальге 6 номинация бойынша қатысады. Біздің сайыскерлердің шығармашылық бәйгеде оза шауып, барлық кезеңдерден сүрінбей өтуіне тілектеспіз. Байқауда сәттілік пен жеңіс тілейміз!