Сайт бойынша іздеу
Фортепиано — саусақпен жан бітетін сиқыр

4 қазан күні Академияның оқу корпусының акт залында Мұғалімдер күні және Қарттар күніне арналған фортепианолық музыка концерті өтті.

Концертті Қазақ ұлттық хореография академиясының кәсіби білім беру мектеп-колледжінің концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімшесі ұйымдастырды.

Концерттік бағдарлама әртүрлі фортепианолық нөмірлерге бай болды. Онда В. Шаинский, Е. Брусиловский, М. Сүтюшев, С. Рахманинов, А. Затаевич, С. Майкапар, Я. Сибелиус сынды композиторлардың шығармалары, сондай-ақ халықтық әуендер орындалды. Барлық туындыларды бөлімшенің білім алушылары мен педагогтері жоғары деңгейде орындап шықты.

Көрермендер – педагогтер, ата-аналар және Академия білім алушылары – әрбір орындаушыны қызу қошеметпен қарсы алды. Музыка өнерінің ұлы әсерінің арқасында концерт көрермендердің жүрегінде ерекше жылылық пен мерекелік көңіл күй сыйлады