2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясында Jean M. Wong Ballet School директоры Chen Tsing Yee Liat пен ұйым өкілі қонақта болды. Бұл сапар кәсіби диалог орнатуға және хореографиялық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылауға арналған тиімді алаңға айналды. Кездесу барысында тараптар кәсіби тәжірибе алмасып, өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары мен бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Шетелдік әріптестер Академияның қызметімен және оның инфрақұрылымымен танысып, балет залдары мен оқу сыныптарын және тұрғын үй кешенін аралады, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен даярлау жағдайларына оң бағасын берді.
Кездесуде бірлескен шығармашылық жобаларды құру, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы және шеберлік сағаттарын өткізу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Сапар соңында Jean M. Wong Ballet School өкілдері қазақстандық әртістерді даярлау деңгейін, Академияның білім беру ортасы мен инфрақұрылымын жоғары бағалады.