Қазақ ұлттық хореография академиясында «Арт-менеджмент» және «Креативті арт-индустриялар» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған түрлі жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша сарапшы Айжан Айымбетованың қонақ дәрісі өтті.
Айжан Айымбетова – гранттық өтінімдерді дайындау және сүйемелдеу саласында тәжірибелі кәсіпкер және кәсіби кеңесші. Спикер бизнес-жобаларға, мәдени бастамаларға және ғылыми зерттеулерге қаржы тарту бағытында айтарлықтай тәжірибеге ие, мемлекеттік және жеке қорлармен бірлесе отырып көптеген кейстерді сәтті іске асырған.
Дәріс барысында студенттерге жастар мен инновациялық жобаларды қаржылық қолдаудың өзекті тетіктері ұсынылды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнесті дамытуға, стартаптарды қолдауға, ғылыми-зерттеу және технологиялық жобаларды жүзеге асыруға гранттар бөлетін қазақстандық және халықаралық қорлар, сондай-ақ өнер, мәдениет және креативті индустриялар саласында жастарға арналған гранттық конкурстарды тұрақты ұйымдастыратын құрылымдар туралы ақпарат берілді.
Студенттер өтінім беру тәртібі, сараптамалық бағалау критерийлері, қарастыру мерзімдері және конкурстарға сәтті қатысу үшін қажетті негізгі құжаттар туралы толық ақпарат алды.
Дәріс тыңдармандардың жоғары қызығушылығын тудырды, қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз жобалық идеяларын талқылап, оларды әрі қарай дамыту бойынша жеке ұсыныстар алды.
Академия Айжан Айымбетоваға мазмұнды баяндамасы және болашақ мамандардың ұлттық және халықаралық деңгейде өздерінің шығармашылық және кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға қабілетті құзыреттерін дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді.