Қазақ ұлттық хореография академиясында Оңтүстік Корея Республикасынан келген қонақтар тағылымдамадан өтті. Делегация құрамында «Lira Ballet Academy» балет мектебінің педагогы және Пусан университетінің студенттері болды, олар параллельді түрде «Lira Ballet Academy»-де білім алып, академиялық дайындықты корей балет мектебіндегі тәжірибемен ұштастыра алады.
9-14-ақпан аралығында қонақтар кәсіптік білім беру колледжінің жетекші педагогтары жүргізген шеберлік сыныптарына қатысты, олардың тақырыптары классикалық және халық-эстрадалық би бағыттарына арналды.
Тағылымдама қорытындысы бойынша қыздар шеберлік сыныптарын аяқтағандары туралы сертификаттар алды.
Қонақтар үшін мазмұнды мәдени бағдарлама ұйымдастырылды: ҚР Ұлттық музейіне, Қазақстан Орталық мешітіне, «Астана Опера» және «Астана Балет» театрларына экскурсиялар, сондай-ақ қала бойынша шолу туры.
Бұл маңызды оқиға хореографиялық өнер саласында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы алғашқы ірі ынтымақтастық болды. Сапар екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен мәдени байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Корей қонақтар академияның профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігін, студенттердің жоғары дайындық деңгейін, Академияның ынтымақтастыққа ашықтығын атап өтті. Сондай-ақ олар педагогикалық құрамның шеберлігін, бай білім беру базасын, жоғары беделін, заманауи оқу әдістемелерін, ерекше практикалық мүмкіндіктерді және мәдени және білім беру бастамаларының кең ауқымын ерекше бағалады.