Сайт бойынша іздеу
Халықаралық жас хореографтар конкурсының жеңімпаздары аталды

Соңғы күн, 2026 жылдың 22 сәуірі, білім беру және мәдени іс-шараларға толы болды.

Сол күні «Өнер жоғары оқу орындарының цифрлық трансформациясы: сын-тегеуріндер мен перспективалар» форумы өтті, оған конкурсқа қатысатын делегациялардың басшылары қатысты. Сондай-ақ, қонақтар Астана Опера театрына экскурсияға барды.

Сонымен қатар, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Балетмейстер өнері» кафедрасының меңгерушісі Алима Молдахметова қазақ биінен байқауға қатысушыларға шеберлік сабағын өткізді.

«Астана Балет» сахнасында халықаралық би күніне арналған халықаралық жас хореографтар конкурсының салтанатты жабылуы мен гала-концерті өтті.

Константин Заклинскийдің төрағалығымен Ирма Кардано, Анвара Садыкова атынан құзыретті қазылар алқасы конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттары туралы шешім қабылдады.

  • 3-ші сыйлықтың лауреаттары Анна Борщова (Беларусь) және Фаим Кибиров (Алматы, Қазақстан) болды.
  • 2-ші сыйлықтың лауреаттары Әліби Есқандыров (Алматы, Қазақстан) және Ерсұлтан Тойғұлов (Астана, Қазақстан) болды.
  • 1-ші сыйлықтың лауреаттары Ольга Николайчук (Ресей) және Бауыржан Салауатов (Астана, Қазақстан) болды.

Қазылар алқасының өз бағалау қорытындылары бойынша да арнайы сыйлықтар тағайындалды.

«Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садыкова тағайындаған «Заманауи хореографиялық өнерде ұлттық дәстүрлерді сақтағаны үшін» арнайы сыйлығына Зағир Исмаилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институты студенті Шарипова Анита және Баку хореография академиясы студенті Адиева Назрин ие болды.

«Үміт» арнайы сыйлықтарымен Б. Бейшеналиева атындағы Қырғыз ұлттық мәдениет және өнер университеті студенті Мамытова Айна және Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы студенті Яблокова Злата марапатталды.

Ирма Кардано тағайындаған «Barcelona Ballet Project жазғы тағылымдамасы» арнайы сыйлықтарына Қазақ ұлттық хореография академиясы студенттері Ерсұлтан Тойғұлов пен Рүстем Әмірбеков, сондай-ақ Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенті Фаим Кибиров ие болды.

Қазылар алқасының төрағасы, РСФСР-дың еңбек сіңірген әртісі Константин Заклинскийдің арнайы сыйлығына Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті студенті Каролина Русак ие болды.

Қазақ ұлттық хореография академиясы тағайындаған «Үміт» арнайы сыйлығына Мария Васенькина ие болды.

Серіктес — Astana Tourism атынан берілген естелік сыйлықтар Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь және Ресей қатысушыларына табысталды.

Халықаралық жас хореографтар конкурсы би өнерімен біріктірілген әртүрлі елдердің өкілдері үшін тәжірибе алмасу, кәсіби өсу және шығармашылық диалогтың маңызды алаңына айналды.