2025 жылдың 26 мамырында Қазақ ұлттық хореография академиясында хореография және музыка бағытындағы қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылардың жылдық есеп беру концерті өтті.
Шара барысында өнерпаздар фортепиано аспабында ойнап, түрлі би қойылымдарын ұсынды. Кеште “Баллада для Аделины”, “Ай қаракөз”, “Good Bye”, “Bolero”, “Легенда”, “Напев”, “Весенний вальс”, “Золушка”, “Этюд”, “Ария” сынды танымал музыкалық шығармалар орындалды. Кейбір шығармалар оқушылар мен оқытушылардың дуэт форматында ұсынылды.
Би бағытында “Творческая мастерская” тобы “Балетная сказка” қойылымын сахналап, “Арабеск” тобы “Роса” биін орындады.
Концертке оқытушылар мен ата-аналар қатысты. Білім алушылар бір жыл ішінде үйренген өнерлерін паш етіп, көрерменге әсерлі көңіл-күй сыйлады.