Сайт бойынша іздеу
Іңкәр Айдарханқызы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды

Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

«Сыйлық мәдениет, ғылым, БАҚ және спорт салаларында жоғары жетістіктерге жеткен 20 жас талантқа берілді. Бұл – халықаралық және республикалық байқаулардың, фестивальдер мен көрмелердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорт жарыстарының жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланың және жалпы қоғамның дамуына үлес қосқан кандидаттар» – делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында.

«Халық шығармашылығы» номинациясының жеңімпаздары арасында Қазақ ұлттық хореография академиясының түлегі, қазіргі уақытта хореография факультеті педагогика кафедрасының оқытушысы, өнертану магистрі Іңкәр Айдарханқызы бар.

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы Іңкәр Айдарханқызын осы жетістігімен құттықтайды. Шығармашылық шабыт, ауқымды жобалар мен болашақ бастамаларды жүзеге асыруды тілейді!

Фото: ҚР МАМ