Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдығына арналған «Хореография өнері» мамандығының білім алушылары арасында фортепиано бойынша I конкурсқа қатысты. Іс-шараны А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі жанындағы оқу-әдістемелік бірлестік ұйымдастырды. Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді:
1-топ: «Балет әртісі» біліктілігінің 1-5 сынып оқушылары»
2 топ: «Би ансамблінің әртісі» біліктілігінің 1-2 курс оқушылары.
Байқау шарты бойынша өнер көрсету бағдарламасында екі шығарма болды: би жанрының пьесасы және қазақстандық композитордың пьесасы.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:
Төлеухан Аяжан (төменгі сынып) – 2-орын. Педагог Байбосын А.Қ.
Шарафиев Арыстан (жоғары сынып) – 1-орын. Педагог Кадырова Ж.Ж..
Мухтарова Сабина
(жоғары сынып) – 1-орын. Педагог Бикенова А.С.
Шкибаева Камила (курс) – Гран-при. Педагог Бикенова А.С.
Байқауға қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен, ал педагогтар алғыс хаттармен марапатталды.
Жас әртістерді жетістіктерімен құттықтаймыз және үлкен шығармашылық табыс тілейміз!