Қазақ ұлттық хореография академиясы базалық ЖОО құқығында 2021 жылғы 19 сәуір мен 23 сәуір аралығында өткен 5В040900 «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының II кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының педагог-репетиторы Рүстем Серікбайұлы Сейітбеков бастаған Академияның жетекші ғалымдары құрамындағы конкурстық комиссия ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысын шығарды. Биылғы жылы Хореография бөлімі бойынша 6 жоғары оқу орны: Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің 10 жұмысы келіп түсті. Т.Қ. Жүргенов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарап, Қазақ ұлттық хореография академиясының конкурстық комиссиясы келесі студенттерді марапаттауға ұсынды:
Ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін зор алғысымызды білдіреміз! Ғылыми және шығармашылық салада сәттілік тілейміз!