Ғылым, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және аккредиттеу бөлімі «Өнер – Тәуелсіздіктің тынысы: 35 дерек» атты Reels медиа байқауының қорытындыларын жариялады. Байқаудың мақсаты – Қазақстан мәдениеті мен өнерінің маңызды жетістіктерін насихаттау, заманауи креативті медиаформаттарды дамыту және Академияның медиатекасын толықтыру.
Қазылар алқасының бағалауы нәтижесінде мазмұны терең, көркемдік шешімі ерекше және техникалық сапасы жоғары үздік жұмыстар анықталды.
«Үздік шығармашылық интерпретация» номинациясы
6В02101 «Хореографиялық өнер педагогикасы» білім беру бағдарламасының
3 курс студенті Толепберген Бона Нұрлықұловна, — қазақ биінің мәнерін ашық әрі жарқын көрсеткен, сондай-ақ Варшава студенттерінің қатысуымен түсірілген шығармашылық бейнежұмысы үшін марапатталды.
«Үздік мини-документалды жұмыс» номинациясы
«Өнертану» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Саттбаева Саида
— «Гүлдер» ансамблінің тарихы мен мәдени мұрадағы рөлін жан-жақты ашқан кәсіби бейнематериалы үшін марапатталды. Жеңімпаздар Академияның дипломдары марапатталды.
Барлық қатысушыларға шығармашылық белсенділігі мен ұлттық өнерді насихаттауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.