Сайт бойынша іздеу
ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР АРАСЫНДА «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

27 ақпан мен 14 наурыз аралығында өнер саласындағы жас ғалымдар арасында «Үздік ғылыми жарияланым» республикалық конкурсы өтті. Биыл конкурстың ұйымдастыру комитетіне өнер бағытындағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерінен 12 өтінім қабылданды.

Тексеру нәтижесінде 11 жұмыс конкурстың келесі кезеңіне жіберілді, ал бір жұмыс мәтіннің түпнұсқалық деңгейінің төмендігіне (13%) байланысты қараудан алынып тасталды.

Материалдарды бағалау әртүрлі ғылыми және білім беру ұйымдарының бес тәуелсіз сарапшыдан құралған қазылар алқасымен жүргізілді. Сараптама Конкурс ережесінде белгіленген критерийлерге сәйкес, әрбір қатысушыға жеке балл қою арқылы жүзеге асырылды.

Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі білім беру ұйымдарының жас зерттеушілеріне берілді:

  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
  • Қазақ ұлттық хореография академиясы
  • Қазақ ұлттық өнер университеті

Сонымен қатар бірқатар қатысушылар зерттеу тақырыптарының өзектілігі мен жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы үшін атап өтілді.

Жүлделі орын алған барлық ғылыми жұмыстар Arts Academy ғылыми журналында жариялауға ұсынылды.

Application