Бұл жарқын көктем мерекесі – әйелдің қоғамдағы айрықша орнын дәріптейтін құрмет пен ризашылықтың белгісі. Ол әйелдің даналығы мен қайратын, таланты мен шабытын, өмірді көркейтіп, қолдау көрсететін қасиетін, адамдарды біріктіріп, алға жетелейтін күшін айқын көрсетеді.
Сізге мықты денсаулық, бақ-береке, шабыт пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз. Әр күніңіз өзіңізге деген сенімділік, жарқын жетістіктер мен бақытты сәттерге толы болсын.
Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы