Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясы «Жастар жалыны-2025» фестивалінің жеңімпазы атанды

2025 жылдың 15 және 16 қарашасында Назарбаев Университетінде жыл сайынғы «Жастар Жалыны-2025» шығармашылық-спорттық фестивалі өтті. Бұл фестиваль астананың талантты және белсенді жастарын біріктіреді. 17 қарашада аталмыш фестивальдің ресми жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Академия студенттері «Ұлттық би» номинациясында жеңіске жетті. Қыздар «Сырлы самал» биін орындады – бұл би хореография саласындағы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, хореография факультетінің аға оқытушысы Алмат Шәмшиевтің туындысы, ал педагог-репетитор – Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері, профессор Алила Алишева.

Сонымен қатар, Академия студенттері өз шеберліктерін және қабілеттерін басқа номинацияларда да көрсетті: «Эстрадалық вокал», «Қазіргі заманғы би» және «Мобилография».

Фото интернеттен алынған