Қазақ ұлттық хореография академиясының 3-курс студенті Амина Рахимова арнайы пәндер оқытушысы Айдар Ахмадиевтің жетекшілігімен «Кіші Нуреевский» VI халықаралық хореографиялық училищелер фестивалінде Қазақстан атынан өнер көрсетті.
30 қазан мен 3 қараша аралығында Башқұртстан Республикасының астанасы Уфа қаласындағы Рудольф Нуриев атындағы Башқұрт хореографиялық колледжінде өткен халықаралық фестивальге Қазақстан, Ресей, ТМД елдері мен алыс шетелден шамамен 200 қатысушы жиналды. Бес күн бойы жас әртістер мен педагогтар өздерінің үздік шығармашылық жұмыстарын ұсынып, шеберлік сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты.
Фестиваль бағдарламасы жетекші педагогтардың шеберлік сабақтарын, хореографиялық өнердің дамуы жөніндегі дөңгелек үстелдерді және өзге де іс-шараларды қамтыды. Фестивальдің шарықтау шегі – гала-концерт болды. Онда Академия студенті башқұрт көрермендерінің назарына Нұрғиса Тілендиевтің музыкасына этно-фольклорлық «Тұран» ансамблінің өңдеуіндегі, хореография факультетінің аға оқытушысы Анвара Садыкованың қойылымындағы қазақ ұлттық биі «Аққу» биін ұсынды.
«Кіші Нуреевский» фестивалі хореографиялық білім беруді дамытудағы маңызды буын болып табылады және ол тек Ресей үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де ерекше мәнге ие.