2025 жылы қараша айында ғалым, ағартушы және этнограф Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай, Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында белгілі жазушы Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасына талдау өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларды балалық шақтағы Шоқанның жеке қасиеттерімен таныстыру, оның білімге деген ұмтылысын, қызығушылығы мен патриотизмін үлгі ретінде көрсету.
Қатысушылар Шоқанның қалыптасу жолы туралы мәлімет алып, оның Қазақстанның ұлттық ғылымы мен мәдениетіндегі рөлі жайында пікір алмасты.