Сайт бойынша іздеу
Құралай Қанапинадан рухани сый

Сыйлық алу әрдайым қуаныш пен шаттық сыйлайды. Ал кітапхана үшін ең қымбат сый – кітап.

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Академия кітапханасының қоры Линн Скобердің «Посвящается юным» атты басылымымен толықты.

Жыл сайын «Астана Балет» театрының аға концертмейстері Қанапина Кұралай Шайхидденовна өзінің жеке кітап қорынан кітаптарды кітапханамызға сыйға тартып, оның қорын толықтыруға зор үлес қосып келеді.

Құнды сыйлық үшін Құралай Шайхидденовнаға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сізге кәсіби табыс, сарқылмас шығармашылық қуат, көтеріңкі көңіл-күй, оптимизм, отбасылық амандық пен өркендеу тілейміз!