Сайт бойынша іздеу
Қазақстандағы Үндістан Елшілігінен кітаптар сыйға тартылды

Сыйлықтар алу әрқашан жағымды әсер береді. Кітапхана үшін ең жақсы сыйлық – кітап. Ақпан айының соңғы жұлдызында Академия кітапханасының қоры жаңа басылымдармен толықтырылды. Қазақстандағы Үндістан Елшілігінің Мәдени орталығының өкілдері кітапханаға 5 кітап сыйлады.

Атап өтсек:

1) Мохандас Карамчанд Ганди. Менің өмірім;

2) Абай Құнанбаевтың қара сөздері (үнді тілінде);

3) Мохандас Карамчанд Ганди. Таңдамалы хаттар мен сөздер;

4) Рабиндранат Тагор.Таңдамалы өлеңдері

5) India and Kazakhstan Partners in Progress 2018-2020.

Біз Үндістан Елшілігі жанындағы мәдени орталыққа сыйға тартқан кітаптары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!