Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясының Көкшетау қаласындағы концерті

11 казанда сағат 16.00-де «Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының» сахнасында Қазақстан Республикасы күніне орай қаланың мәдени өміріндегі жарқын оқиға – Қазақ ұлттық хореография академиясы тәрбиеленушілерінің мерекелік концерті өтеді.

Жаңа оқу жылында Қазақ ұлттық хореография академиясы өзінің 10 жылдығын атап өтуде. Академия — кәсіби хореографиялық білім берудің танымал орталығы, мұнда балет сахнасының болашақ жұлдыздары дүниеге келіп, өсіп-жетіледі. Бұл концерт – жас таланттардың шығармашылығымен танысып, шабыттандырып, біріктіретін өнерге бір қадам жақындаудың тамаша мүмкіндігі.

Кеш барысында көрермендерге мазмұнды әрі жан-жақты бағдарлама ұсынылады: классикалық балет репертуарынан туындылар, шетелдік және отандық заманауи хореографтардың қойылымдары, сондай-ақ қазіргі заманғы, спорттық бал және ұлттық билер.

Әсерлі хореография, көз тартарлық костюмдер мен жас орындаушылардың шынайы өнері көрермендерге ұмытылмас әсер мен шынайы эстетикалық ләззат сыйлайды.

Концерт Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.