Сайт бойынша іздеу
Академиядағы фортепианолық музыка конкурсы

2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақ ұлттық хореография академиясының Оқу театрында Академияның мектеп-колледж білім алушылары арасында Қазақстан композиторларының пьесаларын үздік орындау конкурсы өтті.

Конкурсты ұйымдастырушы – Қазақ ұлттық хореография академиясының концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімшесі.

Конкурстың мақсаты – Қазақстан композиторларының шығармаларын насихаттау және кеңінен танымал ету, білім алушыларды Қазақстанның мәдени мұрасы мен музыкалық дәстүрлері арқылы патриоттық және рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, ұлттық музыкалық өнерді болашақ балет әртістерінің оқу-шығармашылық процесіне енгізу, орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейін және ұлттық музыка мәдениетін терең түсінуді көрсететін дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ болашақ балет әртістерінің музыкалық материалмен саналы түрде жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Бұл дағды хореографияда сахналық бейне жасаудың негізі болып табылады.

Осындай конкурстардың өткізілуі білім алушылардың музыкалық көкжиегін кеңейтіп, орындаушылық шеберлігін жетілдіруге, интерпретациялау дағдыларын дамытуға, шығармашылық белсенділікті арттыруға, пәнаралық байланысты нығайтуға және репертуар қалыптастыруға ықпал етеді.

Конкурс лауреаттары:

  • Бас жүлде: Курбанжан Шерхан, 1 ААТ (педагог: Рамазан М.С.)

Кіші топ

  • 1 орын: Дуйсенбиева Малия, 3-сынып (оқытушы: Бикенова А.С.)
  • 1 орын: Абайқызы Нұрсая, 6-сынып (оқытушы: Досымбек Г.А.)
  • 2 орын: Амирова Раяна, 6-сынып (оқытушы: Сандыбаева Р.Г.)
  • 2 орын: Малгаждарова Айару, 5-сынып (оқытушы: Есбулатова Б.К.)
  • 3 орын: Зулхаирова Дильназ, 6-сынып (оқытушы: Бикенова А.С.)
  • 3 орын: Байгаринова Айлана (оқытушы: Бикенова А.С.)

Орта топ

  • 1 орын: Талгатбек Дамели, 7-сынып (оқытушы: Бикенова А.С.)
  • 1 орын: Мусаева Малика, 6-сынып (оқытушы: Бданова А.С.)
  • 2 орын: Магдеева Таира, 7-сынып (оқытушы: Назарова З.Қ.)
  • 2 орын: Уразалина Лана, 7-сынып (оқытушы: Нурпеисова Н.Г.)
  • 3 орын: Колжанова Альжан, 7-сынып (оқытушы: Бданова А.С.)
  • 3 орын: Ертаева Аэлита, 7-сынып (оқытушы: Нурпеисова Н.Г.)

Жоғары топ

  • 1 орын: Иргенай Инкар, 8-сынып (оқытушы: Шайхинова Д.С.)
  • 1 орын: Ермуханбет Асемай, 8-сынып (оқытушы: Есіркепова Ш.Т.)
  • 2 орын: Баймурзаев Санжар, 8-сынып (оқытушы: Нурпеисова Н.Г.)
  • 2 орын: Нұрділда Нұрайым, 8-сынып (оқытушы: Құлмағамбетова М.А.)
  • 3 орын: Калиаскарова Ясмин, 8-сынып (оқытушы: Нурпеисова Н.Г.)
  • 3 орын: Каирбай Жангир, 8-сынып (оқытушы: Назарова З.Қ.)

«Фортепиано ансамблі» номинациясы:

  • 3 орын: Сүлеймен Амира және Иланбекқызы Бейбіт, 6-сынып (оқытушы: Бданова А.С.)
  • 2 орын: Джусупова Алиана , Малик Айдана, 5-сынып (оқытушы: Бикенова А.С.)
  • 2 орын: Нұрсеит Нұржамал, Ельдосұлы Арлан, Онғар Алдияр (оқытушы: Бданова А.С.)