2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ ұлттық хореография академиясының Оқу театрында сыншы, балеттанушы, «Қазіргі заманғы хореография орталығы» ҚҚ директоры, «Құрмет» орденінің иегері Флюра Мусина жазған «Константин Заклинский. Сахнада және өмірде» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Кітап алғаш рет кең аудиторияға ұсынылды. Онда көрнекті балет әртісі, Мариин театрының жетекші солисі, «Достық» орденінің иегері, РФ еңбек сіңірген әртісі, «Астана Опера» театрының педагог-репетиторы Константин Заклинскийдің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалады.
Бұл басқа бір адамның әлеміне арналған таңғажайып саяхат – балалық шақ, жастық шақ, оның мінезі, «таза» орындау жолындағы қиындықтар мен мінсіз техникаға, стилі, өзін-өзі оқыту және үйрену қабілеті жайлы. Кітап осы ғажайып адамның сахнадағы және сахна сыртындағы өмірін бейнелейді: алуан түрлі репертуар және керемет актерлік талант, одан да көп нәрсені жасауға деген үлкен ықылас, берілгендік пен еңбекқорлық.
Академияның педагогтері мен студенттері авторды қызыға тыңдап, жаңа ақпараттарды білді немесе кітапта сипатталған Константин Евгеньевичтің таныс қасиеттерін танып білді.
Осындай көрнекті адамдардың оқиғалары таң қалдырады, шабыттандырады, ойландырады және тәлім береді. Флюра Мусинаның Константин Заклинский туралы кітабы балет өнерін сүйетін барлық оқырмандардың көңілінен шығатыны анық.