Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультеті педагогтар мен студенттерді «Бал биінің әлемдік аңыздары» тақырыбында дөңгелек үстелдер топтамасын тамашалауға шақырады.
Алғашқы іс-шара латынамерикандық бағдарлама бойынша атақты ағылшын бишісі Волтер Вильем Лайердтің шығармашылық қызметіне және оның ізбасарларына арналған. Ол кәсіпқойлар арасында үш мәрте әлем чемпионы титулына ие болған, сондай-ақ Алан Торнсберг, Эспен Салберг, Донни Бёрнс және тағы басқа көптеген белгілі бишілердің жаттықтырушысы болды.
Сіздерді тарих қойнауына үңіліп, спорттық бал билерінің таңғажайып әлемімен танысуға шақырамыз!
Модератор: Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, Қазақстан хореографтар одағының мүшесі, ҚР СБФҚ төрешісі Евгений Сергеевич Моисеев.
Дөңгелек үстел 2020 жылғы 28 қарашада сағат 13:00-де ZOOM платформасында өтеді.