Сайт бойынша іздеу
Академияда Айдос Мухатаевтың лекциясы өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясында «Гранттық жобалар, зерттеулер және ғылымның болашағы» тақырыбында Science Cafe іс-шарасы өткізілді. Спикер ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты, жалпы білім беретін пәндер мектебінің профессоры Айдос Мұхатаев сөз сөйледі.

Дәрісте ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру бойынша мемлекеттік байқауларға қатысуға өтінімдер дайындау туралы ақпарат берілді.

Лектор ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру байқауына өтінім беру рәсімінің ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлді, өтінімдерді дайындауда кездесетін типтік қателіктерге тоқталды және жобаларды бағалау критерийлері туралы баяндады.

Профессор-оқытушылар құрамынан келген тыңдаушылар көтерілген тақырыптар бойынша қызығушылық танытып, сауалдар қойды және талқылауға қатысты