Сайт бойынша іздеу
Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!

Белгілі ақын, жазушы Қадыр Мырза Әлі: «Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра!» деп бекер айтпаған. Бұл қанатты сөз әрбір қазақтың жүрегінен орын алып, ұлттық болмысымыздың ажырамас символына айналды.

Қасиетті қара домбыра – халқымыздың тарихын, мәдениетін, табиғатын қоңыр үнімен жеткізе білген киелі аспап. Оның үні дархан даламыздың кеңдігін, халқымыздың қонақжай мінезі мен бай рухани дүниесін паш етеді.

Күмбірлеген әр күй, әр әуен адам жанын тербетіп, ойға жетелейді, шабыт береді, рухты биіктетеді.

Домбыра – тек аспап емес, ұлттың үні, халықтың жаны.