Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, көрнекті балет әртісі әрі дарынды педагог Людмила Георгиевна Рудакованың дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Оның бүкіл ғұмыры хореография өнеріне адал қызмет етуге арналды. Ол отандық балет өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, оның тарихында, әріптестерінің, шәкірттерінің және өзін танып, қадірлеген барша жанның жүрегінде жарқын із қалдырды.
Людмила Георгиевна туралы жарқын естелік жүрегімізде мәңгі сақталады.