Сайт бойынша іздеу
Magic English: ағылшын әлеміне қызықты саяхат

2025 жылдың 11 ақпанында Қазақ ұлттық хореография академиясында 3-сынып оқушылары арасында ағылшын тілін дамытуға бағытталған іс-шара өтті.

Іс-шараны «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының Өнер факультетінің студенттері Турарова Арайлым, Хусаинова Диана және Маканова Инкар кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп, ағылшын тілі оқытушысы Қыпшақбаева Айгерім Қуанышбекқызының жетекшілігімен ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаттары:

  1. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту: оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлесу қабілетін интерактивті тапсырмалар мен диалогтар арқылы жақсарту;
  2. Сөздік қорды кеңейту және тыңдау дағдыларын дамыту: ойындар мен әңгімелер арқылы оқушылардың сөздік қорын байытып, тыңдау дағдыларын жетілдіру;
  3. Ағылшын тілін оқуға деген оң көзқарасты қалыптастыру: оқушыларды ынталандырып, өзіне деген сенімін арттыратын қызықты және қолдаушы атмосфераны құру.

Академияның балалар кітапханасының ресурстарын пайдалана отырып, оқушылар ағылшын тілінде театрландырылған қойылым көрсетіп, интеллектуалдық ойындар ойнап, достық туралы әндер орындады.