Бүгін Академияда тамаша күн болды! АҚШ-тан келген керемет биші және хореограф Amandy Fernandez Академия студенттеріне заманауи би бойынша керемет мастер-класс өткізді. Амандидің әлемнің Super Bowl, VMA, Coachella тағы да басқа ең үлкен алаңдарында Beyoncé, J Lo, Chris Brown, Tinashe, Ne Yo сияқты жарық жұлдыздармен 7 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Кездесу барлығына жақсы және ұмытылмас әсер қалдырды.