27 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында «Электрондық оқулықтар жасау» семинары өтті. Семинар Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қатысуымен екі оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы үшін ұйымдастырылды.
Семинар барысында оқытушыларға электрондық оқулықтарды өз бетінше әзірлеу мүмкіндіктері көрсетілді. Сондай-ақ, семинарда TurboSite қосымшасында электрондық оқулықтарды құру бойынша әдістемелік нұсқаулық ұсынылды. Енді Академия оқытушылары семинарда алған білімдерін оқу процесіне енгізеді.