2021 жылдың 15 ақпанында Хореография академиясының кітапханасында «Халықаралық кітап сыйлау күні» мерекесі өтті. Бұл мереке әлемдегі ең жас мерекелердің бірі болып табылады. Мереке идеясы американдық Эмми Бродмурдан ұлы: «Адамдар бір-біріне кітап сыйлайтын күн неге жоқ?» – деп сұрағаннан кейін пайда болды. Енді бұл бастаманы бүкіл әлем қолдайды!
Бұл күні Академияның бірінші және екінші сынып оқушылары бір-біріне кітаптар сыйлады. Күн өте қызықты өтті. Педагогтар, әдеттегідей, осы маңызды іс-шараға белсенді қатысты. Мектеп-колледж оқушыларының қатысуымен флеш-моб ұйымдастырылды. Осы акцияға өз үлестерін қосқан: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор Саитова Гульнара Юсуповнаға, “Хореография” факультетінің деканы Тургинбаева Айтолқын Несіпбековнаға, “Хореография” деканының орынбасары Кабдусова Дина Ериковнаға, “Режиссура” факультетінің 2-курс студенті Серікбай Арманға, бірінші және екінші сыныптардың сынып жетекшілері Байбосынова Райгуль Ескалиевнаға, Тулюбаева Мадина Сериковнаға, Бакирова Майра Бабакумаровна мен Кимпеисова Ләззат Бекенқызына, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына үлкен алғысымызды білдіреміз! Мереке өте қызықты өтті! Балалар өздерінің сүйікті кітапханаларының іс-шараларына қатысуға ниет білдіріп, керемет көңіл-күймен үйлеріне қайтты.