Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясында «8D02107 – Өнертану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алған Аспандиярқызы Гаухар мен Балжан Нұрбосыноваға дипломдар салтанатты түрде табысталды
Бұл айтулы жетістік – жас ғалымдардың қажырлы еңбегінің, үздіксіз ғылыми ізденістерінің және ғылым жолындағы табандылығының жарқын нәтижесі.
Құрметті жас ғалымдар!
Сіздерді философия докторы (PhD) дәрежесін алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы ғылыми және кәсіби қызметтеріңізге толағай табыс, жаңа ғылыми жаңалықтар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Ғылым жолындағы ізденістеріңіз жемісті, алар асуларыңыз биік болсын!