Сайт бойынша іздеу
«МОНОЛОГ: БАЛЕТ ӘРТІСІ, ПЕДАГОГ, ТҰЛҒА»: АКАДЕМИЯДА РИНАТ МУСИНМЕН МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2026 жылғы 25 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, балет әртісі әрі педагог Ринат Ильтаевич Мусинге арналған «Монолог» атты мерейтойлық шығармашылық кездесу өтті.

Кездесу барысында Ринат Мусин балалық шағы, отбасы, шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, кәсіби қалыптасу кезеңдері, балет өнеріне деген адалдығы және көпжылдық педагогикалық қызметі жөнінде ой бөлісті. Монолог форматында өткен кездесуде қатысушылар оның өмірлік тәжірибесімен, кәсіби ұстанымдарымен және хореографиялық өнерді дамыту жөніндегі көзқарастарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Кездесудің ерекше сәті – Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Б. Нусипжанованың мерейтой иесі Ринат Мусинге Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан алғыс хат табыстауы болды. Бұл марапат оның кәсіби еңбегін және отандық хореографиялық өнер мен білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесін мойындаудың белгісі болды.