Сайт бойынша іздеу
ЖАҢА КІТАП – АКАДЕМИЯ КІТАПХАНАСЫНДА

Академия кітапханасының кітап қоры тағы бір құнды туындымен толықты. Жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Бала шақтан – болашаққа» атты кітабы кітапханаға сыйға келіп түсті.

Туындыда өз дәуірінің дара тұлғасы, Отаны мен халқына адал қызмет етуді өмірлік мұраты еткен, еліміздің ертеңін ойлаған парасат иесі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалық шағы мен қалыптасу кезеңінің ерекшеліктері жан-жақты баяндалады. Сондай-ақ кітаптағы иллюстрациялар заманауи жасанды интеллект технологиясының көмегімен әзірленген.

Кітапхана ұжымы бұл құнды сый үшін ризашылық білдіреді және оқырмандарды жаңа кітаппен танысуға шақырады.