Сайт бойынша іздеу
Хореография факультетінің жаңа жылдық кеші

Қазақ ұлттық хореография академиясында хореография факультеті ұйымдастырған жаңа жылдық кеш өтті.

«Билеп жүрген қар ұлпаларымен» басталған мереке бірден ертегідей атмосфера қалыптастырып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Аяз Ата мен Ақшақар кәсіби жүргізушілер рөлін атқарып, мерекенің қарқынын шебер сақтап, көрермендерді белсенді түрде іс-шараға тартты.

Хореография факультетінің студенттері өздерінің жан-жақтылығы мен шығармашылық әлеуетін көрсетті: ән айтты, өздері үшін ерекше бағыттағы хореографиялық нөмірлер ұсынды, түрлі байқаулар өткізді, тіпті сөзжұмбақтар да шешті.

Іс-шара көрермендердің белсенді қатысуымен интерактивті форматта өтіп, оны одан әрі көңілді, әсерлі және есте қаларлықтай етті.

Сонымен қатар жасанды интеллект те қолданылды — әзіл-қалжыңға толы креативті бейнероликтер көрермендердің шынайы күлкісі мен жылы ықыласын тудырды.

Жаңа жылдық капустник атмосферасы қатысушылар мен қонақтарға мерекелік көңіл күйге толықтай еніп, оны өздерімен бірге алып кетуге мүмкіндік берді.

Финалдық аккорд ретінде Аяз Атаның тілегі айтылды: «Жаңа жыл сіздерге мол мүмкіндіктер сыйлап, әр күніңізді қуанышқа бөлесін, армандарыңызды шындыққа айналдырсын, ал барлық еңбектеріңіз тамаша нәтижелерге жеткізсін».