2026 жылғы 29 қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясында білім алушыларды Академияның 2025–2035 жылдарға арналған Даму бағдарламасымен және 2026–2027 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарымен таныстыруға арналған кездесу өтті.
Кездесуге қатысушылар арнап ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі директор, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанна Толысбаева құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Даму бағдарламасы алдағы онжылдықтағы Академия қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындайтынын және білім беру, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметті одан әрі жетілдірудің негізі болып табылатынын атап өтті.
Кездесу барысында білім алушылар Академияның миссиясымен, пайымымен және негізгі даму басымдықтарымен танысты. Олардың қатарында:
Кездесу барысында білім алушылардың Академияның стратегиялық жобаларын іске асырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдіруге және оқу орнының даму перспективаларын талқылауға мүмкіндік алды.
Білім алушылардың Даму бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысуы Академияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің маңызды шарты болып табылады. Қазақ ұлттық хореография академиясының 2025–2035 жылдарға арналған Даму бағдарламасы заманауи әрі бәсекеге қабілетті білім беру ортасын қалыптастыруға, сондай-ақ хореография өнері мен мәдениет саласындағы жаңа буынның жоғары білікті мамандарын даярлауға бағытталған.