Қазақ ұлттық хореография академиясына 1-5 сыныптарға түсетін балаларға (6 жастан 11 жасқа дейін) алдын ала іріктеу жарияланады.
1-3 сыныптарға қабылдау тек Астана қаласында тұратын балалар үшін жүргізіледі.
4-5 сыныптарға қабылдау Қазақстанның барлық өңірлерінен келген балалар үшін жүргізіледі.
Астана қаласында тұратын балаларға алдын ала іріктеу 2026 жылғы 2 наурыздан 15 маусымға дейін жүргізіледі.
Алдын ала іріктеу келесі мекен-жай бойынша өтеді: Ұлы дала даңғылы 43/1, Балет ғимараты, Ботаникалық бақтан кіреберіс.
Алдын ала іріктеуге келесі телефондар арқылы жазылуға болады:
Алдын ала іріктеуден өткен балалар 2026 жылғы маусым-шілде айларында Қазақ ұлттық хореография академиясына (Астана қ.) қабылдау емтихандарына шақырылады.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 79-85-42, +77005085100 (WhatsApp).