Сайт бойынша іздеу
Олимпиада-2026!

Қазақ ұлттық хореография академиясы «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар арасында «Креативті арт-индустриядағы жасанды интеллект» тақырыбында XVIII Республикалық пәндік олимпиада өткізеді.

Олимпиадаға қатысуға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «Арт-менеджмент», «Креативті арт-индустрия» және «Креативті менеджмент» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын 1–4 курс студенттері шақырылады. Олимпиада 2026 жылғы 2–3 сәуірде Астана қаласында өтеді.

Олимпиадаға қатысу үшін ақпараттық хатта көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес қажетті құжаттарды ұсыну қажет.

Олимпиадаға көрсеткен белсенді қатысуыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Ғылыми және кәсіби тәжірибе алмасудағы ынтымақтастығымыздың нәтижелі әрі жемісті болатынына сенім білдіреміз.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ-2026

Пәндік олимпиаданы өткізу туралы Ереже