2020 жылдың 12 қарашасында тәрбие жұмысы мен әлеуметтік мәселелер бөлімінің психологы Zoom платформасында жасөспірімдерге арналған «Жанжалдар және оларды шешу жолдары» атты тренинг өткізді.
Тренинг барысында жанжалдың туындау себептері анықталды. Жанжалдарды шешудің негізгі стратегиялары талқыланды. Сондай-ақ, жасөспірімдерге жанжал жағдайынан шығудың конструктивті жолын көрсететін алгоритм ұсынылды.
Онлайн-тренингтің практикалық бөлігінде оқушылар жанжалды шешу стратегиясын анықтауға арналған тапсырманы орындады.
Тренинг барысында тақырыпқа сәйкес қызықты бейнероликтер пайдаланылды.